Шымкентте балаларды байыту орталығы ашылады

69406158_2292456501067303_974635728522706944_n.jpg

Балабақшаға барған бала халықаралық мектепті бітіріп, колледжден маман болып бір-ақ шығады. Мұнан бөлек, 3-тен 12 жасқа дейінгі балаларға арналған байыту орталығын ашу жоспарлануда. Осындай білім беру жүйесін сингапурлық KinderWorld International Group Ltd компаниясы еліміздің үшінші мегаполисінде салмақшы. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов сингапурлық KinderWorld International Group Ltd компаниясының төрағасы Рики Тэнмен кездесіп, 

Шымкентте салынатын білім метрополисінен тұратын халықаралық білім беру кластері жобасын талқылады. Аталған орталықта халықаралық мектеп, колледж және балабақша болады деп жоспарлануда. Екі тарап жобаның болашақ әлеуетін екшеп, ұсыныстарын ортаға салды.

KinderWorld International Group Ltd компаниясының білім беру кластері Австралия, Вьетнам және Малайзияда балаларға сапалы білім берумен айналысып келеді. Енді сингапурлықтар Қазақстан нарығына кіріп, елімізде өз орталықтарын салмақшы.

Е.Айтаханов мегаполис мәртебесін жуырда алған Шымкент үшін жаңа оқу орындары аса маңызды екенін айтып, қаланың дамуына зор үлес қосатынына сенім білдірді.

Орталықтан ашылатын балабақша 6 айдан 6 жасқа дейінгі 600 балаға лайықталған. Онда жабық ойын алаңы мен бассейн болады. Бақшада балаларды шет тілдеріне, оқу мен санауға, қоғамтану, музыка, би мен бейнелеу өнеріне үйретеді. Мұнан бөлек, 3-тен 12 жасқа дейінгі балаларға арналған байыту орталығын ашу жоспарлануда, онда балалар ғылыммен, технологиялармен, инженериямен, математикамен, робототехникамен және AR/VR жүйесімен танысады.

Ал, халықаралық мектепте дәстүрлі пәндерден басқа бағдарламалауға, робототехникаға және 3D баспаға арналған факультативтік сабақтар болады. Сондай-ақ, АҚШ-та және басқа да елдерде оқытатын студенттердің жазғы алмасу бағдарламалары жұмыс істейтін болады. 

Білім беру метрополисі – бұл балалар, жастар және қоғам үшін түрлі білім беру іс-шараларын өткізу жоспарланып отырған оқу кеңістігі. Метрополистің дизайны мен тұжырымдамасы Сингапурдың ұлттық университетінің қалашығына ұқсас болады. Метрополис университет, жатақхана, ғылыми орталық, медициналық орталық, эксперименттік оқу-ойын орталығы және басқа да қажетті инфрақұрылымдарды қамтиды деп күтілуде.

Жаңа жобаның құны шамамен 23-25 млн АҚШ долларын құрайтын болады. Оны сүйемелдеуімен «Kazakh invest» АҚ айналыспақ.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер