Мәслихат шешімімен комиссиялар құрамына өзгерістер енгізілді

маслихат.jpg

Бүгін алтыншы шақырылған Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс елу төртінші сессиясы өтті. Сессияға депутат Данияр Үсенов төрағалық етті.

Мәжіліске қала әкімі Ерлан Айтаханов, мәслихат хатшысы Ғани Ташқараев, қала депутаттары мен атқарушы орган басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

Сессияда халық қалаулылары күн тәртібіндегі бес мәселе қаралды. Депутаттар қала басшысы ұсынған Абзал Шымкентбайұлы Әліқұловтың кандидатурасын бір ауыздан қолдап, Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкім тағайындалуына келісім берді. 

Сонымен қатар, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамының және әкімдік жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы, әкімдік жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы мен қала әкімдігінің дербес құрамының кадрлық ауыс-түйістер болуына байланысты қала мәслихатының шешімдеріне өзгерістер енгізілді.

Сессия күн тәртібіндегі мәселелер алдымен тұрақты комиссиялардың бірлескен отырыстарында және «Nur Otan» партиясының фракциясының мәжілісінде егжей-тегжейлі талқыланды. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер