Шымкентте отбасы құндылықтарын дәріптеген фестиваль өтті

ортс.jpg

Шымкенттің орталық саябағында отбасы институтын нығайту мен неке және отбасы құндылықтарын насихаттауға бағытталған «Otbasy fest» ұйымдастырылды. Аталағна фестивальге қала тұрғындары мен балалар үйлерінің жеткіншектері, түрлі басқарма қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты. 

Қалалық Отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқарма мен «Жастар ресурстық орталығы» ұйымдастырған шараға шаһардағы балалар үйлерінен 100-ге тарта жасөспірім қатысып, өз өнерлерін паш етті.

Аталмыш шараға 500-ге тарта адам қатысты. 

– Мұндай шара қаламызда екінші рет ұйымдастырылып жатыр. Өткен жылы біз фестивальді негізінен кішкентай нәрестелерге арнасақ, биыл мектеп оқушыларына арналып отыр. Аталған шара бір күн бойына ұйымдастырылады. Акция барысында балалар үйіндегі жасөспірімдердің талантын шыңдау мақсатында концерттік бағдарламалар өткізіледі. Сонымен қатар цирк пен қуыршақ театрының әртістері өз өнерлерін көрсетті, – дейді Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Динара Оралова.

Іс-шараға қатысқан жанұя мүшелері мен жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған отбасының балалары белсенділік танытты.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкенте торжественно отметили День Республики и 35-летие Декларации о государственном суверенитете
  • Шымкентте Республика күні мен Егемендік декларациясының 35 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтт
  • «Нужно ценить каждую минуту на свободе»:
  • Есірткі қылмысы үшін сотталған қыз өкінішін айтты
  • РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ПРЕЗИДЕНТ ЕҢБЕК ӘУЛЕТТЕРІ МЕН ҚАРАПАЙЫМ ЖҰМЫСШЫЛАРДЫ МАРАПАТТАДЫ
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер