Шымкентте жұқпалы аурулардың алдын алу жұмыстары жүргізілуде

инфекционист.jpg

Жыл сайын жаз-күз айларында сероздық менингит және энтеровирустық инфекциямен сырқаттанушылық көтеріледі. Жұқпалы дерттердің алдын алу мақсатында қала аумағындағы ірі сауда орындары, базар, автобекеттер мен мемлекеттік мекемелерде түсіндіру жұмыстары жүргізілде.   

Бұл туралы Шымкент қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысы А.Төлебаев брифингте айтты.

– Шымкентте жыл басынан бері менингококк инфекциясысымен 3 жағдай тіркелген. Тіркелген науқастың біреуі ересек, екеуі 14 жасқа дейінгі балалар. Үшеуінің де денсаулығы қанағаттанарлық жағдайда, ауруханадан шығарылды. Тіркелген жағдайлар бойынша індетке қарсы іс-шаралар толық жүргізілді, індет ошағынан қарым-қатынаста болған 14 адам тіркеліп, барлығы зертханалық тексерілуден өтті, – деді А.Төлебаев.

Мамандардың мәліметінше, серозды менингитпен аурушаңдығымен 143 жағдай тіркеліп, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар саны – 95.

– Жыл сайын жаз-күз айларында сероздық менингит және энтеровирустық инфекциямен сырқаттанушылық көтеріледі, бұл жыл сайынғы тіркелетін қалыпты жағдай, өйткені балалар әртүрлі су айдындарында, шығу тегі белгісіз суды ішкенде, жуылмаған көкөністер мен жемістерді жегенде, жеке бас гигиенасын сақтамағанда жұқтыруы мүмкін, – деді брифинг барысында жауапты басшы.

Қазіргі күні инфекцияның алдын алуда сала мамандары денсаулық сақтау, білім басқармаларымен бірлесе кешенді жоспар бекітіп, кезең-кезеңімен жүзеге асыруды қолға алған. Қала аумағындағы ірі сауда орындары, базар, автобекеттер мен мемлекеттік мекемелерде түсіндіру жұмыстары жалғасуда.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер