Шымкенттің үздік спортшылары марапатталды

спорт.jpg

Спортшылардың төл мерекесін Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты мекемелердің қызметкерлері ерекше салтанатпен қарсы алды. Қажымұқан атындағы орталық стадионда Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әлібек Нұртаев жыл бойында спорт саласында жоғары нәтижеге қол жеткізіп жүрген үздіктерді арнайы сыйлықтармен марапаттады. Сонымен бірге ҚР жазғы спорт түрлерінен 5 спартакиада барысында жүлделі екінші орынды жеңіп алған сала мамандарына Республикалық спорт комитетінің төс белгілерін, қала әкімінің алғыс хаттарын табыс етті.

Алдымен Қажымұқан атындағы орталық стадионда футболдан спартакиада басталды. Оған 20-дан астам команда қатысып өзара жеңімпаздарды анықтады. 

Аса тартыспен өткен доп додасында балуандар, боксшылар, суға жүзу шеберлері, волейболшылар, ауыр атлеттер, шаңғышылар, жеңіл атлеттер, ескекшілер, оқ атушылар, теннисшілер,стадион командасы, ШВСМ, футболшылар, басқарма қызметкерлері өз командасының намысын қорғады.

Қорытындысында 1-орынды "Оңтүстік футбол академиясы" ұжымы жеңіп алды. Ал 2-орынды № 12 БМЖСМ спорт мектебі, 3-орынды Орталық су спорты кешенінің командасы иемденді.

Ерекше салтанатпен өткен жиында спартакиада жеңімпаздары да қомақты сыйлықтарға ие болды. Жүлделерді қалалық мәслихаттың депутаты Ермек Дәрменов, олимпиада резервін даярлау орталығының басшысы Бауыржан Тұманбаевтар табыс етті.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер