Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов азаматтардың жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдауын өткізді. Бұл туралы қала әкімі аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.
Екі сағат уақытта қала тұрғындарының өтініштерін тыңдап, оларды шешу үшін жауапты сала басшыларына тиісті шараларды қабылдауды тапсырды.
Әрбір тұрғынның мәселесі маңызды екенін айтқан қала басшысы қабылдауына келген кез-келген азамат өздерінің ой-пікірлері мен өтініштерін еркін айта алатынын атап өтті.
Қала басшысымен кездесуге келген тұрғындар екі сағат уақыт аралығында сапалы электр жарығы, коммуналдық төлемдер, тұрғын үй, жер мәселесі мен әлеуметтік көмектер бойынша өз өтініштерін жеткізді.
Бұл Ерлан Айтахановтың Шымкент қаласының әкімі ретінде өткізген екінші жеке қабылдауы. Бұған дейін өткен алғашқы жеке қабылдауда қала басшысы 10 азаматтың өтінішін тыңдап, айтылған өтініштерді заң аясында шешу жолдарын қарастыратынын айтқан болатын. Сонымен бірге әр мәселеге байланысты жауапты сала басшыларына тиісті шараларды дер кезінде қабылдау туралы тапсырма берген.
Еске салсақ, әкімнің жеке қабылдауына жазылу онлайн режимде қала әкімдігінің shymkent.gov.kz ресми сайты арқылы және Н.Назарбаев даңғылы 10 мекенжайында орналасқан қала әкімдігінің 107 кабинетіне келіп жазылуға болады.