Шымкенттің жас ақыны бас жүлде – 1 млн теңгені жеңіп алды

айтыс.jpg

Шымкент қаласында өткен «Жастықтың жалауы – Шымқала» атты жас  ақындар айтысы аяқталды. Жастар жылы мен Қазақстан Республикасының Конституциясы мерекесінне арналған дүбірлі додаға Шымкент қаласы, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстарымен бірге көршілес Өзбекстан Республикасынан жалпы саны 12 жас ақын қатысып, сынға түсті.

Әділқазылар алқасы шешімімен бас жүлдені шымкенттік жас ақын Қажымұхан Абзалов жеңіп алды. Ұлттық өнерді арнайы келіп тамашалаған, қатысушыларға сәттілік тілеген Шымкент қаласының әкімі бас жүлде иесіне қаржылай 1 миллион теңге мен арнайы диплом табыстады.

Айтыстың қорытындысында І орынға тағайындалған 700 мың теңге Түркістан облысының жас ақыны Нұрмахан Жақыпбекке табысталды. ІІ орынға лайық деп танылған астаналық ақын Аян Ниязбек 300 мың теңгені иеленді. Ал, жас айтыскерлердің үздік үштігін қорытындылаған Алматы облысының ақыны Сырым Әуесханға 200 мың теңге бұйырды. 

Сонымен қатар, барлық қатысушы жас ақындар 100 мың теңге көлеміндегі қаржылай сыйлықпен және қала әкімінің арнайы дипломымен марапатталды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер