Акция аясында көрнекі жазуларға зерделеу жүргізілді

3.jpg

Түлкібас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту жөніндегі бөлімінің ұйымдастырумен «Сауатты жарнама- тіл тазалығының айнасы» атты акция өтті. Аудан орталығы Т.Рысқұлов ауылындағы халыққа қызмет көрсету орындарының (дүкендер, шаштараздар, кафелер, дәмханалар т.б.) маңдайшаларында жазылған жазулар, хабарландырулар, жарнамалар, баға көрсеткіштері және басқа да көрнекі ақпараттардың  «Қазақстан Республикасының Тіл туралы» Заңына сәйкес рәсімделуін зерделеу жұмыстары жүргізілді. Акцияғжәне тілдерді дамыту жөніндегі бөлімінің мамандары, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәтпай Нұрлыбайұлы Қасымбек, «Жастар ресурстық орталығы» КММ және «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ қызметкерлері қатысты. 

Акция аясында заң талаптарына сәйкес келмейтін бірқатар нысан иелеріне ескертулер жасалынып, коммерциялық обьектілерге әдістемелік көмек, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Айта кетері, көрнекі ақпарат құралдарына баннерлер, маңдайшалар, хабарландырулар, жарнама, баға көрсеткіштері секілді елдегі қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайға әсер ететін маңызды құралдар жатады. Ол «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңына сәйкес болуы тиіс. Заңдылықты сақтамау немесе талапқа мойынұсынбау жауапкершілікке әкеліп соғады. Жоғарыда акцияны ұйымдастырудағы мақсат осы заңдылықтардың сақталуын қамтамасыз ету, кәсіпкерлерге заң талаптарын түсіндіру болып табылады. 



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер