Қазығұрт ауданының әкімі Арман Абдуллаев Тұрбат ауылдық округі елді мекен тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында халықтың ұсыныс пікірлерін тыңдап, ауыл ішіндегі облыстық маңызы бар КХ48- «Қазығұрт-Тұрбат-Өндіріс» автомобиль жолының орта жөндеу жұмыстарының сапасына көңіл бөлу әңгіме арқауына айналды. Ондағы жүріп жатқан облыстық маңызы бар КХ48- «Қазығұрт-Тұрбат-Өндіріс» автомобиль жолының орта жөндеу жұмыстарын мердігер мекеме «Корпарация Береке А» ЖШС-ы жүргізуде. Тапсырысшы Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Шерзат Сүттібаев халықтың ұсыныс пікірлерін тыңдап, бекітілген сметалық есепке сәйкес атқарылатынын жеткізді.
Аудан басшысы Қ. Абдалиев ауылдық округіне қарасты Амангелді елді мекенінің ауыз су құрылысымен де танысты. Аудандағы әр ауылдың күн тәртібіндегі басты мәселелер ауыз сумен жабдықтау, жол саласы бойынша сауалдар қаралды. Бұл проблемалардың барлығы біртіндеп өз шешімін табуда. Екі ауылда су құбыры желілерінің құрылысы басталыпты. Халық саны аз ауылдар да басшылықтың назарынан тыс қалмайды. Әкімнің жұмыс сапары бұдан кейін Жаңабазар ауыл округінде жалғасты. «Ауыл- Ел бесігі» жобасы аясында Тайлақ батыр көшесінің 1,9 шақырымына орта жол жөндеу құрлысының жұмыстарының сапасын бақылады.