Жастар игі істі жалғастырды

5.jpg

Түлкібас ауданы Балықты ауылдық округі әкімдігі сенбілік ұйымдастып, сенбілікте бұлақ көздері ашылып, төңірегі абаттандырылып, күл қоқыстан тазартылды. Бұл туралы Балықты ауылдық окрігінің әкімдігі әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Сонымен қатар, тұрғындар арасында ағын судың тапшылығын жою өздеріне байланысты екені, аула арқылы өтетін арықтарды тазалау қажеттілігі айтылды. Балықты ауылын ағын сумен қамтамасыз ететін Кең каналында су мөлшері жеткілікті, тоғандар реттелген, алайда тұрғындар тарапынан аула арқылы өтетін арық атыздардың тиісті деңгейде тазаланбауының салдарынан, ауылдың соңғы көшелерінде әлі күнге дейін су тапшылығы туындауда. 

Сондай-ақ,  аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мамандары және ерікті жастары Қараағашты елді мекеніне қарасты, бастаулардың көзін ашып, арық-атыздардың бойын тазалап, көпшлікке үлгі боларлықтай игі іс жасап отыр. Ел құптарлықтай істі ауыл жастары алдағы уақыттада жалғастырмақ. Және де бұл шараны басқа да ауылдын жастарына эстафета ретінде жолдап отыр.

Биыл ағыны судың тапшылығы, қуаңшылық күні төрт түлік малға, жерге қарап отырған халыққа ауыр тиіп жатыр. Бірақ осындай қысылтаяң кезде жастардың белсенділігіне, бастамалары елді сүйсінтуде. Бұған дейін аудандағы Майтөбе ауылының жастары арықтарды тазалап, бұлақ көздерін ашып, көпшілікке үлгі көрсеткен болатын. 




Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында су қоймалары жөнделеді
  • Түркістанда ағын су тапшылығы толық шешіледі
  • Түркістанның халқы 500 мыңға жетеді
  • Биыл мақтаның бағасы да, өнімділігі де жақсы
  • Мақтаның тоннасы -250 мың теңге
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер