Түлкібас ауданында ауыл әкімдерінің сайлауы өтті. Бұл жолғы науқанда тұрғындар Арыс, Ақбиік, Тастұмсық, Келтемашат ауылдық округінің әкімдерін таңдады. Бұл туралы Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аталған округтер аумағындағы 12 сайлау учаскелерінде сайлау науқаны еліміздің әнұранының орындалуымен бастау алды.
Арыс ауылдық округінен әкімдікке 4 үміткер, Ақбиік ауылдық округінен 4 үміткер, Тастұмсық ауылдық округінен 3 үміткер, Келтемашат ауылдық округінен 3 үміткер бақ сынады. Барлық учаскелерде карантин талаптары қатаң сақталды.
Аудандық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, сағат 15-30-ға дейін сайлау өтіп жатқан төрт ауылдық округте тізімге енгізілген сайлаушылардың 60 пайызы дауыс берген.
Ауыл әкімдерін сайлау нәтижесі төмендегідей болды:
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан ұсынылған Ештаев Нуриддин Калдыбаевич 590 дауыспен Ақбиік ауыл округі әкімі болып сайланды. Өзін өзі ұсынған Бердалиев Мурат Канатович 1991 дауыспен Келтемашат ауыл округінің әкімі болып сайланды.
«Nur Otan» партиясынан ұсынылған Сарсембаев Кайрат Саликбаевич 1955 дауыспен тастұмсық ауыл округі әкімі болып сайланды.
Өзін өзі ұсынған Сатыбалдиев Олжас Пернеханович 650 дауыспен Арыс ауыл округі әкімі болып сайланды.