"Шомылу маусымындағы адамдардың қауіпсіздігін сақтау туралы іс-жоспары" кестесіне сәйкес, Түлкібас ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі, №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің және Ақбиік ауыл округі әкімдігі қызметкерлері "Құлан", "Сартөр" су қоймасы мен Арыс өзені жағалауларында демалушылармен "Шомылу маусымы кезіндегі қауіпсіздік шаралары" тақырыбында белгіленбеген жерлерде шомылу қауіптілігі мен суға батудың алдын алу бойынша үгіт насихат жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы Түлкібас ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі хабарлады.
Шара барысында 75 дана ескертпе парақшалары таратылды.
Мамандардың айтуынша, судағы қауіпсіздік шараларын елемеу, адам өміріне қауіпті екенін, балаларды өз еркімен таныс емес белгіленбеген орындарда шомылуға болмайтыны туралы ұдайы ескертіп отыру керек. Алайда су айдындарына жақын орналасқан тұрғындар қауіпсіздік шараларын елемеуде.
Түлкібас ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі суда шомылудың қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді. Суға тек рұқсат етілген орындармен жағажайларда шомылу керек. Суға шомылатын жерді, судың тазалығы мен, тереңдігін мұхият тексеріп алыңыз.
Ұзақ шомылмаңыз, өзіңізді шаршауға, тоңып қалтырауға дейін жеткізбеңіз. Суға түскенде бір- біріңізді және балаларды көзден таса қылмаңыз. Тыйым салынған орындарға шомылуға, алкогольдік ішімдіктерді пайдалануға, терлеп тұрған кезде денені суға үйретпей, түсуге, қоршау белгілерінен асуға болмайды.