Ономастиканың өзекті мәселелері сөз болды

8.jpg

Түлкібас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту жөніндегі бөлімінің ұйымдастырумен ZOOМ платформасы арқылы ауылдық округ, кент әкімдіктерінің жауапты мамандарының қатысуымен «Ономастикалық жұмыстарды ұйымдастырудың өзекті мәселелері» атты семинар ұйымдастырылды. Бұл туралы Түлкібас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту жөніндегі бөлімі хабарлады. 

Түлкібас ауданында 13 ауылдық округ, 2 кент, 62 елді мекен, 473 көше, 61 мектеп бар. Іс-шарада аудандағы ономастика саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстары баяндалып, 2021 жылы халық санағына байланысты елді мекендегі әкімшілік-аумақтық бірліктерге атау беру, өзгерту шаралары уақытша тоқтатылғанын және шектеулер алынған жағдайда жаңа құрылыс, нөмірленген көшелерге атау беру шараларын жандандыру туралы сөз болды.

Сондай-ақ Түлкібас кенті әкімдігінің бас маманы Көктерек елді мекеніндегі жаңа көшеге атау беру туралы сұрақ қойып, әкімшілік-аумақтық бірліктерге атау беру туралы пікір алмасып, әдістемелік көмек көрсетілді. 

Семинарда бөлім қызметкерлері тарапынан округ, кент мамандарына ономастика саласы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Ауылдық әкімдікте істейтін мамандарға әдістемелік көмек көрсетіп, олардың  тәжірибесін жетілдруді мақсат тұтқан шаралар алдағы уақытта жалғасатын болады.  


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Аудан әкімі этнос және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті
  • Этносаралық шиеленістердің алдын алу маңызды
  • Тіл мерекесі аталып өтті
  • Бала тәрбиесі - қоғам назарында!
  • Ұлтты сүю - иманнан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер