Сенаторлар депутаттармен онлайн жиын өткізді

3.jpg

Созақ ауданы әкімдігі ғимаратының кіші мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты Әли Әбдікәрімұлы Бектаев пен Әлімжан Сейітжанұлы Құртаев Түркістан облысына қарасты аудан, қала мәслихат депутаттарымен онлайн жиын өткізді. Бұл туралы Созақ ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Жиынды Түркістан облысы мәслихатының хатшысы Қайрат Рақымұлы Балабиев жүргізді. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Парламент Сенатының депутаттары Парламенттің жоғарғы палатасының атқарған жұмыстарына тоқталды. Қаралған және қабылданған заңдары туралы айтып өтті. Сенат депутаттары жиынға қатысқан барша азаматтарға ризашылығын білдіріп, өңірде атқарылып жатқан жұмыстара оң баға берді. Күллі түркі әлемінің рухани астанасының туристтік орталық ретінде дамып, қалыптасатынына сенім білдірді. Әли Әбдікәрімұлы кездесуде:

«Жергілікті атқарушы және өкілетті органдар туралы заңдарға өзгерістер енгізіліп жатыр. Мәслихаттарға артылып отырған жұмыс өте көп. Міндеттер мен жауапкершіліктер жоғары. Осы заңдардың қабылдануына өңірлердегі аудандық, облыстық мәслихат депутаттары үлкен үлес қосты», – деді.

Өз кезегінде аудандық мәслихат депутаттары тарапынан әлеуметтік, экономикалық, кәсіпкерлік, білім, ауыл шаруашылығы бағыттары бойынша өзекті мәселелер қозғалып, сауалдар қойылып, шешу жолдары талқыланды. Сенат депутаттары қойылған сауалдар мен ұсыныстарға жан-жақты жауаптар берілді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер