«Street Workout» және балалар ойын алаңы ашылды

6.jpg

Түркістан облысы, Созақ ауданы Жартытөбе ауыл округі мен Аққолтық елді мекенінде «Street Workout» және балалар ойын алаңы пайдалануға берілді. Бұл туралы Созақ ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Созақ аудан әкімдігі мен «Қазатомөнеркәсіп ҰАК» АҚ кәсіподақ ұйымымен үш жақты меморандум нәтижесінде «Street Workout» және балалар ойын алаңды орнатуға қолдау көрсетті. Бұл спортты ынталандыру жөніндегі бастаманы «Қазатомөнеркәсіп ҰАК» АҚ қолдаған. 

Ашылу салтанатына аудан әкімі Салыхан Полатов пен «Қазатомөнеркәсіп ҰАК» АҚ, «Орталық» өндіруші кәсіпорны» ЖШС директоры Жұмағали Маркенбаев арнайы қатысып, жаңа спорттық алаңшасының лентасын салтанатты түрде қиды. 

«Ауылымызда «Street Workout» пен балалар ойын алаңының ашылуына куә болып отырмыз. Созақ аудан әкімдігі мен «Қазатомөнеркәсіп ҰАК» АҚ әлеуметтік жобаларды қолдау аясында біршама істер атқарылды. Былтыр Баба ата елді мекенінде балалар ойын алаңы салынған еді. Бұл жер, ауыл тұрғындары жиналып, уақытын тиімді өткізетін тамаша орынға айналды», – деді Жартытөбе ауыл округінің әкімі Болат Есенқабыл.

Жартытөбе ауыл округі мен Аққолтық елді мекенінде ашылған «Street Workout» және балалар ойын алаңы 900 шаршы метрді құрайды. Онда 24 спорттық инвентарь, спорттық снярадтар мен балалар ойнайтын ойыншықтар бар. Жалпы, Жартытөбе ауыл округінде волейбол, футбол, бокс, күрес сынды секциялар жұмыс істейді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер