25 шілде күні егеменді еліміздің тарихында тұңғыш рет қала, кент және ауылдық округ әкімдерін халық тікелей сайлады.
Созақ ауданында Шолаққорған, Қаратау, Қарағұр ауыл округі мен Қыземшек кентінде сайлау өтті.
Созақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамасы негізінде басым дауыспен жеңіске жеткен Шолаққорған ауыл округінің әкімі Әділ Елібаев, Қаратау ауыл округінің әкімі Оразхан Ермахан, Қарағұр ауыл округі Ордабек Жәмиев, Қыземшек кенті округі әкімі Ержан Жұмабаевқа аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Әбубәкір Сахиұлы сайлау комиссиясының шешімі мен куәліктерін салтанатты түрде табыс етті.
Аудан әкімі Салыхан Полатов сайланған әкімдердің алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Айта кетері, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев:
-– Осы оқиғаны еліміздің тарихындағы айтулы белес деп айтуға болады. Негізі, бұл біз үшін стратегиялық мәні айрықша міндет. Азаматтарымыз тұңғыш рет жергілікті атқарушы биліктің басшысын тікелей сайлау мүмкіндігіне ие болмақ. Біз бұған біртіндеп, жоспарлы түрде келдік, – деген болатын. Мемлекет басшысы сондай-ақ, әкімдердің биліктің әрбір елді мекендегі тікелей өкілі екендігін, жұрт олардың қызметіне қарап бүкіл мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін бағалайтынын тілге тоие кеткен болатын.