Төлебилік кәсіпкер ағаш өсіріп, мол табыс тауып жатыр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ел халқына эолдаған жолдауында ауыл аруашылығы саласына айрықша көңіл бөлу керектігін тапсырды. Бұл бағытты бүгінде өңірімізде ауқымды істер атқарылып жатыр. Мемлекеттік қолдаудың аясында несібесін жер анадан терген шаруалар мол өнім ала бастады.

image.png

Түркістан облысы Төлеби ауданының тұрғыны Махалбай Ускенов павловния ағашын егуді қолға алды. Осы істі табыс көзіне айналдыруды ойлаған кәсіпкер 15 соттық жылыжайға әзірге мың дана ағаш көшетін отырғызған.

- «Көшетті алдымен стаканда өндіріп алып жатырмын. Өніп шыққан көшетті жылыжайға отырғызып баптаймын. Бүгінде еккен көшеттер жайқалып, өсіп келеді. Бұл ағаш елді мекенді көгалдандырып, көркейтуге таптырмайтын ағаш екен. Көктемде жапырақтары бүршік жармас бұрын шырағдан тәрізді 5-6 апта бойы гүлдеп тұрады. Ерекшелігі құрт-құмырсқа сияқты зиянкестерге бой бермейді. Павловнияның тағы бір ерекшелігі, басқа ағаштарға қарағанда оттегіні бірнеше есеге көп бөледі», – деді М.Ускенов.

Павлония жылына 5 метрге дейін өсетін ағаш. Аса ерекше күтімді қажет етпейтін, төзімді болып келеді. Бұл ағаш өте мол сұранысқа ие. Әсіресе, жихаз дайындауға кең ауқымда қолданылады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер