Түлкібастық шаруалар алғашқы өнімдерін жинауды бастады

Түлкібас ауданында биыл бір жерден екі-үш өнім алуға ниет білдірген 185 шаруа қожалықтың біршамасы алғашқы өнімдерін жинауда. Қазіргі таңда бірінші өнім ретінде аймақтағы шаруашылықтар 250 тонна картоп, 1,3 мың тонна қияр, 1,1 мың тонна сәбіз, 500 келі сарымсақ, 500 келі тонна баялдыр, 800 келі аскөк жиналған.

image.png

Сондай-ақ, Жаскешу ауылындағы «Ерсары» шаруа қожалығы жалпы көлемі 9 га жердің 3 гектарына пияз, 1 гектарына қызанақ, қалған 5 гектар жерге қияр екен. Қожалық өкілі Рахым Төлепбергеновтың айтуынша, бұл кәсіп әкелерінен қалған мұра. Ағайынды төрт жігіт бүгінде шаруа қожалықтың жұмысын өрге домалатып отыр. Қазіргі таңда қиярдың бірінші өнімін теру науқаны аяқталуға жақын. Жиналған картоптың орнына қиярдың күзгі түрін егеді. Негізгі өнімі қияр болғандықтан, осы көкөніске баса назар аударған. Жиналған өнімдердің барлығы консервілеуге жіберіледі. Ал, қызанақ пен пиязды жергілікті тұрғындар тұтынады. Бір жерден бірнеше өнім алу жобасын тиімді пайдаланып келе жатқан қожалық бүгінде 10-нан аса адамды жұмыспен қамтып отыр. Теру маусымы кезінде жұмысшылар саны одан да артады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер