Түркістанда елімізде баламасы жоқ туристік-рекреациялық орталық салынуда

Түркістанда жағажай туризмі дамиды. Шаһарда елімізде баламасы жоқ жасанды көлі бар заманауи демалыс аумағы ашылады. Жалпы ауданы 85 га. жерде орналасатын ерекше кешеннің құрылысы үш кезеңде жүзеге асады. Мұндағы жасанды көлдің сыйымдылығы – 2,5 млн.м3. Көл суы «Кеңсай-Қосқорған»-2 су реттегішінен жиналады. Жаңа демалыс аймағы өңірге туристер мен инвестицияларды тартатын тағы бір орталыққа айналмақ.

image.png

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев орталық құрылысының барысымен танысты. Қазір мұнда қазу жұмыстары жүргізіліп, дамбалар тұрғызылған. Су келетін жалпы ұзындығы 550 м каналдың жер жұмыстары, бетон құю жұмыстары аяқталған. Жағалау толық бекітіліп, топырағы нығыздалған. Құрылысқа 15 техника мен 70 жұмысшы жұмылдырылған. Нысан құрылысының алғақшы кезеңін қазан айында аяқтау жоспарлануда. Бірегей демалыс кешені келер жылы ашылады.

«Түркістан» туристік-рекреациялық орталығында су спорты түрлерімен айналысуға арналған арнайы орындар пайда болады. Жасанды көлдің жағалауында емдік қасиеті көп шағыл құммен қыздырынуға жағдай жасалады. Жағажайға арналған ағаштар отырғызылып, балалар демалыс аумағы салынады. Элиталық коттедждер мен қонақүйлер бой көтеріп, демалыс аумағында саябақтар мен гүлзарлар салынады. Айнала абаттандырылып, көгалдандырылады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер