Жыл басынан бері Түркістан облысы Түлкібас ауданының кәсіпорындарының өндірген өнім көлемі 6 млрд. 382 млн. теңгеге жетіп, нақты көлем индексі былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 108,3%-ды құрады. Соның ішінде өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемі – 3 млрд. 560 млн. теңге.
Жыл қорытындысымен жоспарға сәйкес ауданда 15 млрд. теңгенің өнімі өндіріледі деп жоспарлануда. Бұл сала бойынша Түлкібас ауданы облыста 1-орында тұр. Бүгінгі таңда ауданда 32 кәсіпорын жұмыс істейді. Атап айтсақ, кен өңдеу өнеркәсіп орны кәсібін дөңгелетіп, тамақ өнеркәсібі бағыты дами түсті. Және бірқатар кәсіпорын құрылыс материалдарын өндірумен айналысады.
Сонымен қатар, Түлкібас ауданында ауылдардың жолдары жаңарып жатыр. Бүгінгі таңда 37 шақырымды құрайтын 23 көшеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде аудан аумағындағы елді мекендердің ішкі көшелерінің қанағаттанарлық жағдайы 84 пайызға жақсарады (қазіргі таңда 68 пайыз).
Бүгінде 23 көшенің 6 көшесінде асфальт төсеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. 5 көше жөнделіп жатыр. Ал, қалған 12 жолдың жөндеу жұмыстары бекітілген өндірістік кестеге сәйкес ағымдағы жылдың қазан айына дейін аяқталады деп жоспарлануда.