Сарыағаштық спортшылар жүлдемен оралды

5.jpg

Жуырда  Қырғыстан Республикасында кикбоксингтен спорттық клубтар мен жасөспірімдер арасында ашық Азия чемпионаты өтті. Аталмыш чемпионатқа Сарыағаш ауданының «Қажымұқан атындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің» кикбоксингктен құрама командасы қатысып, жүлделі орындармен оралды. Атап айтқанда, жүлделі 1-орынды әр түрлі салмақ дәрежесінде Ергешбай Ерасыл мен Ергешбай Нұрасыл, 2-орынды Талип Бекарыс, 3-орынды Талип Ақарыс иеленді. Бұл туралы Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Табандылық және қажымас кайрат танытып, Азия чемпионатында біздің еліміздің мерейін үстем еткен жас спортшыларымызға алдағы уақытта жеңістер мен табыстар тілейміз.

Еске сала кетейік, былтыр халыққа арнаған Жолдауында Мемлекет басшысы қасым-Жомарт Тоқаев:

- Өскелең ұрпақтың спорттық және шығармашылық әлеуетіне аса назар аудару қажет.

Қаржы тапшылығы кезінде мемле¬кет бюджеті есебінен кәсіби спорт клубтарын толықтай қамтамасыз ету¬дің қажеті жоқ. Мемлекеттің және квазимемлекеттік компаниялардың бюджетінен миллиардтаған теңге тиімсіз жұмсалуда.

Бұқаралық спортқа, дене тәрбиесіне және балаларға басымдық беру керек. Әр облыста, ірі аудан орталықтарында спорт үйірмелерін ашу қажет.

«Балалар үйірмесі» қызметін қайта қалпына келтірген жөн. Онда жастарымыз қолөнердің және шығармашылықтың бастапқы негіздерімен танысар еді.

Балалар үшін қатерлі бүгінгідей аумалы-төкпелі заманда олардың күш-жігері мен қызығушылығын дұрыс арнаға бағыттау аса маңызды. Балалар мемлекетіміздің болашағы емес пе?! Әкімдердің жұмысын осы өлшем бойынша да бағалаймыз,-деп атап өткен болатын. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер