«Үздік ауыл әкімі» байқауы басталды

6.jpg

Жуырда Қазақстан тарихында алғаш рет ауыл әкімдерін тікелей халық сайлады. Осы шара барасында елімізде көптеген ауыл әкімдері сайланды. Бұл өз кезегінде ауыл әкімдерінің беделін, оның қоғамдағы орнын көтерді. 


  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы барлық азаматтардың өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыруға бағытталуы қажеттігін атап өтті.


Ауыл әкімі халықпен тікелей өзара іс-қимылда болады және байланысты орната алу қабілеті, тұрғындардың өзекті мәселелері бойынша дер кезінде шешім қабылдай білуі оның қызметінің басты бағыты болып табылады. 


Жергілікті деңгейде әкім мемлекеттік саясаттыжүргізуші және оның іс-әрекеті бойынша халық арасында жалпы мемлекеттік басқарудың тиімділігіне қатысты көзқарасы қалыптасады.


«Халық үніне құлақ асатын мемлекетті» қалыптастырудың өзектілігін ескере отырып және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қ.Е. Көшербаев бекіткен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспарының 74-тармағына сәйкес «Үздік ауыл әкімі» Республикалық конкурсы өткізіледі.


Бұл байқауға Сарыағаш ауданы Дербісек ауылдық округі әкімі Есенбаев Ералхан Уристемович қатысуда.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер