Жетісайда жүзім шаруашылығы жанданып келеді

Жетісай ауданының әкімі Мұрат Қадырбек Мақталы ауылдық округінде болып, округ ақсақалдарымен, шаруа қожалық иелерімен және ауыл шаруашылық өндірістік кооператив төрағаларымен жүздесті.

image.png

Кездесу барысында алдымен аудан әкімі "Ержігіт ата" шаруа қожалығына барып жүзім шаруашылығымен танысты. «Ержігіт ата» шаруа қожалығы 11-га жерге жүзімнің ризамат, кишмиш, тайфы сорттарын еккен. Бүгінде гектарынан 8-9 тонна өнім алады. Жүзімдерге сұраныста көп. Алыс жақын ауылдардың тұрғындары арнайы келіп алып кетеді. Одан қалғанын экспорттап, мол табыс тауып отыр.

Кейіннен аудан әкімі мал бордақылаумен айналысатын "Мютембай ата" шаруа қожалығына барып тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.

Сондай-ақ, жаңадан салынып жатқан Алмалы ауылындағы спорт кешенінің құрылыс жұмыстарының барысын көріп, құрылыс барысындағы кемшіліктерді мердігер тараппен біргелікте орындауды ауыл әкіміне тапсырды. Соңынан Мақталы ауылдық округі әкімдігінің ғимаратында ауыл тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында бірнеше ауыл тұрғындарынан ұсыныстармен өтініштер түсті. Аудан әкімі М.Қадырбек Мақталы ауылдық округі тұрғындарымен кездесу кезінде көтерілген ұсыныстар, пікірлер, өтініштерді жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, жиында көтерілген мәселелер кезең-кезеңімен өз шешімін табатындығын айтты.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Аудан әкімі этнос және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті
  • Этносаралық шиеленістердің алдын алу маңызды
  • Тіл мерекесі аталып өтті
  • Бала тәрбиесі - қоғам назарында!
  • Ұлтты сүю - иманнан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер