Жетісай ауданында шағын кәсіпкерлік саласы тұрақты дамуда

Мемлекет басшысы өз жолдауында әрбір елді мекенде шағын және орта бизнесті дамтыуға мол мүмкіндік қарастыру қажеттігін баса айтқан болатын. Жолдау негізінде бүгінде үлкен жұмыстар жүзеге асып келеді. Атап айтар болсақ, Жетісай ауданында шағын кәсіпкерлік саласы тұрақты дамуда. Алдыңғы жылмен салыстырғанда шағын орта бизнес субъектілерінің саны артқан.

image.png

Аудан әкімі Мұрат Болатұлы Ш.Ділдәбеков ауылдық округіне барып кәсіпкерлермен және елді мекен тұрғындарымен жүздесті. Кездесу барысында бірқатар ауылдық округ көлеміндегі кәсіпкерлік саласына қатысты мәселелерді қозғады.

– Қазіргі уақытта кез келген ауыл тұрғындарының кәсіп ашып, тірлігін бастауына мүмкіндігі зор. Бүгінгідей нарық заманында тынымсыз еңбек қана жоғары табысқа бастайтыны анық. Еліміздегі түрлі мемлекеттік бағдарламалар кәсібін жаңадан бастайтын тұрғындарды жетістікке жетелейтінін көрсетіп отыр. Ең бастысы – мемлекет тарапынан ұсынылған қолдауларды мүлт жібермеуіміз керек, – деді аудан әкімі Мұрат Қадырбек.

Осыдан кейін аудан әкімі ауыл шаруашылығы саласында қандай жұмыстар мен дайындықтар жүргізіліп жатқанын көріп, ағын су және ауыз су нысандарын аралады. Кейіннен ауылдық округі тұрғындарымен кездесіп ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Аудан басшысы жиында көтерілген мәселелер бойынша тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар берді

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер