Келесте 9 ауыл газбен қамтылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел халқына жолдаған Жолдауына сәйкес шалғай елді мекендерді табиғи газбен қамту ісі қарқынды жүзеге асуда. Атап айтар болсақ, Келес ауданы тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартудың негізі ретінде инфрақұрылымды дамытуға ерекше мән беріліп келеді. Осыған орай бүгін Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев Қошқарата ауылдық округінің 9 елді мекенін газдандыру жұмысының барысымен танысты.

image.png

Мердігер мекеме өкілдерімен кездескен аудан басшысы атқарылған жұмыстың сапасына аса мән беру керектігін және мерзімінде ел игілігіне тапсыру кажеттілігі айтылып, бірқатар маңызды мәселелер талқыланды. Аудан әкімі бұл жобаның маңыздылығын, ауыл тұрғындарына керектігін және ауданның дамуына әсерін тағы бір түсіндіріп өтті.

Айта кететін жайт Қошқарата ауылдық округінің Алғабас, Аманжар, Бәйтерек, Бесауыл, Жамбыл-1, Жамбыл-2, Жаңақоныс, Қарабура және Мақташы елді мекендерінің тұрғындары биыл табиғи газбен қамтылмақ. Аталған құрылысқа жауапты 5 мердігер мекеме жүргізуде. Қазіргі таңда мердігерлер газ құбырынының құрылысын аяқтап, қысымдау жұмыстары жүргізуде.

Келес ауданында биыл инфрақұрылым саласы бойынша 25 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, табиғи газбен қамту бойынша 11 нысан, ауыз суға арналған 11 нысан, 3 сапалы электр желісінің нысаны.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Аудан әкімі этнос және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті
  • Этносаралық шиеленістердің алдын алу маңызды
  • Тіл мерекесі аталып өтті
  • Бала тәрбиесі - қоғам назарында!
  • Ұлтты сүю - иманнан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер