Жетісай ауданы бойынша 105 көшеге асфальт төселеді

Жетісай ауданы көлік жолдарының жалпы ұзындығы 365,3 шақырымды құрайды. Осы жолдардың 43,6 шақырымы – республикалық, 210,4 шақырымы – облыстық, 111,3 шақырымы – аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына жатады.

image.png

Елді мекен көшелерін орта жөндеу бойынша 2021 жылы облыстық және жергілікті бюджет есебінен жалпы ұзындығы 32,8 шақырымды құрайтын 38 көшеге орта жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Қазіргі таңда оның 25,7 шақырымы яғни 32 көшесі толық аяқталған.

Ал, «Ауыл – Ел Бесігі» бағдарламасы аясында Асықата кенті және Қазыбек би, Өркенді, Достық елді мекендері бойынша жалпы ұзындығы 41,9 шақырымды құрайтын 67 көшеге орта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда 6,6 шақырым яғни 8 көшесі толық аяқталған.

Қосымша айта кететін болсақ, Жетісай ауданы бойынша жалпы ұзындығы 13,2 шақырымды құрайтын 24 көшеге ағымдағы (тас төсеу) жөндеу жұмыстары жүргізілген. Аудан бойынша елді мекен көшелеріне аяқ жол салу бойынша жалпы ұзындығы 5,47 шақырымды құрайтын 6 көшеге аяқ жол салу жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, биыл облыстық бюджет есебінен Жетісай ауданының коммуналдық меншігіндегі 241,3 шақырымды құрайтын 121 дана су қашыртқыларына механикалық тазалау жұмыстары басталды. Аталған су қашыртқылары Қызылқұм, Жаңа ауыл, Жылы су, Қазыбек би, Атамекен, Қарақай, Ш.Ділдәбеков және Мақталы ауылдық округтерінде орналасқан.

Механикалық тазалау жұмыстарын Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының "Тұран су" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны жүргізуде.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер