Жетісай ауданында «Ел тірегі – Елбасы» акциясы аясында 146 отбасына қамқорлық жасалды

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Халық» Қайырымдылық Қорының қолдауымен «Ел тірегі – Елбасы» атты акциясы жалғасын табуда.

image.png

Еліміздің барлық өңірлерінде өткізіліп жатқан игі шараның бірінші кезеңіне аудандағы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы қиын қаржылық жағдайға тап болған аз қамтылған, көпбалалы, сондай-ақ, ерекше қажеттіліктері бар балаларды өсіріп отырған 98 отбасы қатысса, бұл жолы қала, кент, ауылдық округтерден 146 отбасы қамтылып отыр. Әр отбасыға күріш, қарақұмық, ұн, макарон, өсімдік майы, бұқтырылған ет, қант, шай және тәттілер салынған 50 келіден азық-түлік қораптары үлестірілді.

- «Өңірлердегі табысты кәсіпкерлер мен қайырымдылық ұйымдарының демеушілігімен бастау алған «Халық» Қайырымдылық Қорының «Ел тірегі – Елбасы» акциясы бүгінде қызу қолдауға ие болып, жалғасын тапты. Топтастырылған азық-түлік себеттері тағдырдың түрлі қиындықтарына тап болған отбасыларға үлестірілуде. Өзінде барды өзгемен бөлісіп, қолұшын созған азаматтарға айтар алғысымыз шексіз. Аталмыш шара арқылы қайырымдылықтың қазақы қанымызға сіңген қасиет екеніне тағы да бір рет көз жеткізіп отырмыз» - дейді Жетісай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әділхан Әбжанов.

Айта кетейік, «Халық» Қайырымдылық Қоры Қамқоршылар кеңесінің шешімімен «Ел тірегі – ЕЛБАСЫ» акциясының бірінші кезеңінде республика бойынша 15 мың мұқтаж отбасылар қамтылса, екінші кезеңде 20 мың отбасы жалпы құны 500 млн теңгені құрайтын азық-түлік себеттеріне ие болып отыр

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер