Жетісай ауданы, Шаблан Ділдәбеков ауылдық округіне қарасты Жаңа Дала ауылындағы "Рахман" шаруа қожалығы бақша дақылдарын егумен айналысады. Қожалықтың төрағасы Руслан Құдайқұловтың иелігінде 7, 5 гектар жер болса, соның 1,5 гектарына қырыққабат, 3 гектарға болгар бұрышы, және қалған жеріне қарбыз егіп тұрмысын түзеп отыр. Қаламы қарымды журналистер қожалық төрағасымен сұхбаттасып диханшылығы жайында толық мәліметті алды.
Жалпы бүгінгі таңда Жетісай ауданында ерте пісетін қарбыздардың артылуы жүріп жатыр. Өздеріңізге белгілі алғашқы жиналған 22 тонна өнім Ресей федерациясына жіберілген болатын. Бүгінгі таңда аудан дихандары ерте пісетін 1700 тонна қарбыз, және 170 тоннаға жуық қауын жинап үлгерген. Шаруалардың вегетациялық суғару жұмыстарын жүргізуге ағын су жеткілікті мөлшерде беріліп жатыр.
Ал, Жетісай қаласында орналасқан «Ұлықбек» аяқ киім тігу цехының басшысы Ұлықбек Әбдірахманов 15 адамды тұрақты түрде жұмыспен қамтып отыр. Аталмыш цехта аяқ киімдер маусымдық болып шығарылады. Шикізаттар көршілес Өзбекстан мен Ресей Федерациясынан әкелінеді. Мұнда аяқ-киімнің 6 түрі өндіріледі. Кәсіпорында бір күнде 2 мың жұп аяқ киім шығады. Шығарылған өнімдер Республика көлемінде саудаланып жатыр.