Тамшылатып суару әдісінің тиімділігі жоғары

Түркістан облысы Жетісай ауданында аймақ басшысы Ө. Шөкеевтің тапсырмасына сай 1 алқаптан 2 рет өнім алу жобасы жүйелі жолға қойылған. Мәселен, Ділдәбеков ауылдық округіне қарасты Жаңа Дала ауылындағы бақша дақылдарын егумен айналысатын «Рахман» шаруа қожалығы егін алқабына биыл бірінші қырыққабат, екінші қарбыз еккен. Жиын-терімнен соң тағы дәнді-дақыл егуді жоспарлап отыр. Қожалық төрағасы Руслан Құдайқұлов сондай-ақ 3 га жерге болгар бұрышын еккен. Жеке кәсіпкер тамшылатып суару әдісінің тиімді екенін айтып, мол өнім алуға ниетті екенін жеткізді.

image.png

Жаңа ауыл ауылдық округі Ынтымақ елді мекенінде орналасқан "Қыдыр ата"медициналық орталығын күніне 100 ге жуық науқастарды қабылдап оларға 10 түрлі медициналық көмек көртсете алады. да жалғасты. Алдағы уақытта бұл жерден ересектер мен балаларға арналған жатып ем алу бөлімі ашылатын болады. Қазіргі таңда аталмыш медициналық орталық 22 адамды тұрақты түрде жұмыспен қамтып отыр.

Жалпы Жетісай ауданы бойынша "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы арқылы 2020-21 жылдары 1575 азамат тұрақты түрде жұмыспен қамтылған. Бұл өз кезегінде облыс бойыннша ең түздік көрсеткіш болып табылады.

Бүгінде Жетісай қаласының аумағын ұлғайту мақсатында 80 гектар аумаққа тұрғын-үйдің құрылысы жүруде. Қазір бұл жерде 5 қабатты 60 пәтерлі 2 үй, және 2 қабатты 80 пәтерлі 4 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Аталмыш жұмыстар толық аяқталған кезде 200 баспана тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға кезекпен берілетін болады. Бұдан бөлек Жетісай ауданында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, тұрмысы төмен көп балалы аналарға 88 баспананың кілті табыс етілген.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер