Жетісай ауданы Абай ауылдық округі "Ермаханбет" шаруа қожалығы, ауылшаруашылығы саласындағы жаңа тәсілдерді тиімді пайдаланып бір жерден екі өнім алуды қолға алған. Ерте көктемде алғашқы өнім ретінде қырыққабат еккен шаруа қожалығы , қасындағы бос жерге қарбызбен қауын еккен.
- "Бұрын алғашқы өнімді ғана егетін едік. Содан жер қысқа дейін шөп басып бос жататын. Ауылшаруашылығы саласындағы бір жерден 2 өнім алу жайында көп еститінмін. Биыл соны қолға алып қырыққабаттың қасына қарбызбен қауын ектім" - дейді шаруа қожалығының төрағасы Байжігітов Сұлтан.
Қосымша айта кететін болсақ, Жетісай ауданы бойынша 1000 гектар аумаққа, ерте пісетін бақша дақылдарының орнына 2 өнім алу бойынша егу жоспарланған.
Жетісай ауданына қарасты Ынтымақ ауылдық округініе тұрғыны Камилжон Дадаев бүгінде аудандағы табысты шаруалардың бірі. Өзі төрағалық жасайтын «Камилжон» шаруа қожалығының еншісінде 60 гектар суармалы жері бар. Оның 4 гектарына болгар бұрышын, 1 гектарына боклажан, 13 гектарына қауын, 3 гектарына қарбыз, 23 гектарына шитті мақта ексе, 6 гектарына қырыққабат егеді. Соңғы екі жылда егістігінің 11 гектарына тамшылатып суғару әдісін қолданып келе жатқан Камилжон биыл манакоа, зарисима, эмили сортты қырыққабаттарды еккен. Өнім бітік шығып, Ресей астанасы Мәскеу қаласы мен Санк-Петербург қалаларына жөнелтілуде.