Ұлттық санаққа дайындық пысықталды

a7677f57-1c90-4f00-81a1-d00e6607ff8d.jpg.850x445_q82_crop_0.jpg

Сарыағаш  ауданы әкімдігінің мәжілісінде Ұлттық санаққа және алдағы жаңа оқу жылына дайындық мәселесі қаралды. Бұл туралы  Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Басқосуды аудан әкімі Мұхит Баймұханбетұлы жүргізіп, жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, қала, кент және ауылдық округ әкімдері қатысты. 

Ұлттық халық санағының екінші кезеңіне дайындық жұмыстарының барысы туралы аудандық статистика басқармасының басшысы Н.Бекжанов хабарлады. Мәжілісте ауданда тұрақты және уақытша тұратын, бірақ тіркелмеген тұлғаларды дер кезінде анықтап, олардың дұрыс тіркелуі мен толық есепке алынуын тексеру жұмыстарын жүргізу халық санағын өткізудің дайындық жұмыстарының маңыздылығына тоқталып, бұл жолғы санақтың бұрынғыдан басты ерекшелігі – электронды форматта өткізілетіндігі және Ұлттық санақты жоғары деңгейде өткізу үшін дайындық жұмыстарын жандандыру қажет екендігі ескертілді.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе 2021жылғы 1-қыркүйекке аудан бюджетінің күтілімді атқарылуы туралы ауданның экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ғ.Мейманбаев баяндады. Аудан басшысы жауапты тұлғаларға бөлінген бюджет қаржысын тиімді әрі сапалы игерілуін, сонымен қатар белгіленген индикаторлардың толығымен орындалуын тапсырды. Басқосуды қорытындылаған, аудан әкімі мәжілісте көтерілген мәселелер бойынша атқарылған жұмыстарға баға беріп, кейбір жәйттарды пысықтау қажеттігін ескертіп, тиісті сала басшыларына тапсырмалар берді. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер