Түркістан облысында қатерлі індетке қарсы вакцинаны 752 594 адам салдырған. Ал, екінші компонентпен 512 594 адам қабылдаған. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сондай-ақ, облыс бойынша 128 медициналық мекемелерде инфекцияға қарсы вакцинациялау жұмыстары жүргізіліп келсе, қазір екпе егу пунктернің саны 141-ге жетті. Жалпы 1 ақпаннан облысқа COVID-19 ндетіне қарсы вакцинаның 791 610 дозасы жеткізілген.
Соңғы тәулікте Түркістан облысында 70 адамда COVID-19 індеті анықталды. Тәуліктік өсім 0,54 % құрайды. Мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 3 600 орын бар, 2536 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 1064 науқас емделуде. Ал коронавирустық инфекциямен 179 науқас ем қабылдап жатыр.
Мемлекеттік ПТР зертханаларының саны 3 бірліктен 10 бірлікке дейін жеткізілді. Жалпы облыста пандемия белең алағалы 981 796 ПТР- сынамалары алынған. Ал, соңғы тәулікте зертханаларда 2733 адам тексерілді.
Жуырда халыққа арнаған Жолдауында президент Қасым-Жомарт Тоқаев:
- Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тіркелген вакциналарды тезірек сатып алу қажет. Сонымен бірге, бүкіл денсаулық сақтау саласын тұрақты екпе алу жүйесіне дайындаған жөн. Еліміздің биологиялық қауіпсіздігін болжаумен айналысатын Ұлттық жүйе құрылуға тиіс,-деп атап өткен болатын.