Халық санағына белсенді қатысуға шақырды

7.jpg

Ордабасы ауданының орталығы Темірландағы Жастар сарайында 2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу туралы брифинг өтті. 

Жиынға аудан әкімінің орынбасары Азат Оралбаевпен аудандық Статистика басқармасының басшысы Манзура Шәмшидинова қатысып, әр 10 жылда бір рет келетін елеулі оқиғаның мән-маңызына тоқталды. 

"Еліміз егемендігін алғалы үшінші рет халық санағы өткізілгелі отыр. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 қазандағы №1049 ұлттық санақтарды жүргізу қағидасы мен мерзімдерін бекіту туралы қаулысына сәйкес елімізде халық санағы «Қазақстанда әркім маңызды» деген ұранмен жүргізіледі. 

Осы орайда аудан әкімінің 2021 жылғы 9 наурыздағы № 224 Өкімімен халықтың Ұлттық санағына жәрдемдесу жөніндегі арнайы аудандық комиссия құрылған. Онда ауыл округ әкімдері, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар мен мемлекеттік мекемелердің басшылары (келісім бойынша) аудандағы биылғы халықтың Ұлттық санағына дайындық жұмыстарын ұйымдастыруға және өткізуге көмек көрсету жүктелген.

Осы орайда аудандағы барлық білім, денсаулық саласының, мемлекеттік қызметкерлердің, ауданға бағынысты мекемелердің қызметкерлерін, жалпы ауданның тұрғындарын онлайн санақтан отбасымен бірге өтуге шақырамын. Бүгінгі таңда онлайн санақтан өткен адам 1000-нан аса адам болды. Бұл көрсеткіш әлі де төмен. Сондықтан осы кезең ішінде әрбір азамат өзінің азаматтық борышын жете түсініп, онлайн санақтан өтеді деп сенім білдіремін", - деді аудан әкімінің орынбасары өз сөзінде. 

Халық санағының бірінші кезеңі 1-30 маусым аралығында әрбір елді мекендердегі тұрғын және тұрғын емес үйлер саны мен тұрып жатқан халықтың санын нақтылау бойынша жүргізілді.

Екінші кезеңде халық 1 қыркүйек – 15 қазан аралығында www.sanaq.gov.kz сайты арқылы әрбір азамат санақтан онлайн режимде өтуге болады. Немесе 1-30 қазан аралығында әрбір үйге интервьюер барып сұхбат алады.

Халық санағы ертеңін ойлаған ел үшін міндетті әлеуметтік экономикалық және тарихи үрдіс. Санақ қорытындысы бойынша өткен жылдар ішіндегі елде болған демографиялық, мәдени-әлеуметтік, экономикалық, тағы да басқа қоғамдық өлшемдердің даму дәрежесін көрсетеді. Сонымен бірге адами ресурстардың деңгейін, азаматтардың білімін, денсаулығын, тұрмыстық ахуалын, мемлекеттің интелектуалдық әлеуетін белгілеп береді. 

Ұлттық санақ науқанына ауданымызда халық көптеп шоғырланатын жерлерге, Халыққа қызмет көрсету орталығына, орталық ауруханаға, аудандық әкімшіліктің, 10 ауыл округінің ғимаратына онлайн санақтан өтуге арналған бұрыштар ашылды. 

Бұл орындарға тұрғындарға көмек көрсететін мамандар отырғызылды. Онлайн санақтан өту үшін өзіңізбен бірге үй құжаттарының мәліметтерін, жеке басыңызды растайтын, отбасы мүшелерінің (ЖСН) нөмірлерін білсеңіз жеткілікті. 

Сіз өзіңіздің мәліметіңізді: -Sanaq.gov.kz сайты;

-egov.kz электронды үкімет порталы;

-aitu қосымшасы арқылы біле аласыз.

Сіз үйде отырып-ақ осы электронды қосымшалар арқылы санақтан өте аласыз.

"Аудан әкімінің орынбасары Азат Әдбіғалиұлы барлығын жалпылама түсіндіріп өтті. Соған қосымша менің тұрғындарға айтарым онлайн санақтан өтуге қазір үйден шықпай-ақ мүмкіндік бар. Еліміздегі індетке байланысты санақшыларды үйге кіргізбейтін жағдайлар болуы мүмкін. Сондықтан әркім өз басының сақтығы үшін үйде отырып, онлайн санақтан өтуіне болады. Егер үйде сұрақтарға түсінбей жатсаңыздар біздің статистика басқармасына, халыққа қызмет көрсету орталығындағы бұрыштарымызға, әрбір ауыл округтегі әкімшілік ғимараттарына орналастырылған санақ бөлімшелеріне барып, санақтан өтулеріңізге мүмкіндіктеріңіз бар. Аудан тұрғындарын осы санаққа бір кісідей атсалысуға шақырамыз. Бұл еліміз үшін маңызды бастама", деді Манзура Алипдинқызы.

Брифинг соңында әлеуметтік желі арқылы түскен сұрақтарға-жауап берілді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер