Биыл мақтаның бағасы да, өнімділігі де жақсы

12.jpg 

Түркістан облысында агроөнеркәсіп саласына 30 млрд. теңгеге жуық инвестиция тартылған. Бұл бағытта Қазығұрт, Ордабасы, Сарыағаш және Бәйдібек аудандары көш бастап тұр. Инвестицияның басым бөлігі тамақ өндірісіне бағытталған. Облыстағы күзгі егін жинау жұмыстары мен агроөнеркәсіптік кешенін дамыту саласында атқарылған жұмыстарының орындалуы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткізілетін лездемелік мәжілістің күн тәртібінде қаралды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыста биылғы  күзгі егін жинау науқаны табысты. Бүгінге дейін 3 млн. тонна көкөніс, бақша, картоп өнімдері жиналды. Жыл соңына дейін күзгі өнімнің жалпы көлемі 3,5 млн. тоннаға жеткізіледі. Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 842,4 мың гектарға егілді.

Өңірдегі 18 мақта өңдеу зауытының 206 мақта қабылдау бекеті шитті мақтаның 1 келісін 250 теңгеден қабылдауда. Шаруалар әр гектардан орта есеппен 30-35 центнерден өніп алып, 500 мың теңгеге дейін пайда таппақ. Жоспар бойынша 250 мың тонна шитті мақта жинау жоспарланып отыр. Биылғы қуаңшылыққа қарамастан, Өзбекстан елімен екіжақты ынтымақтастық туралы келісімнің егістік алқаптар трансшекаралық Достық каналынан келетін ағын сумен тиісті деңгейде қамтамасыз етілді. Тыңайтқыш пен тұқымдық шиттен таршылық көрмей, жеңілдетілген бағадағы жанар-жағармай да жеткілікті болды, дейді.

«Биыл мақтаның өнімі жақсы, бағасы да жақсы. Шаруаларымыздың табысының артатыны қуантады. Оның үстіне биыл егістік алқаптарымыз да бұрын болмаған ағын сумен қамтамасыз етілді»,-деді облыс әкімі.

Сонымен қатар, облыс әкімінің тапсырмасымен ағын суды арттыру мақсатында су арналарын механикалық тазалаудан өтуде. Бұл өз кезегінде суармалы жерлердің ағын сумен қамтамасыз етілуін жақсартып, жер асты суын төмендетіп, егістіктің тұздануының алдын алып, мақта дақылының өнімділігін арттырады.

Айта кетері, былтыр халыққа арнаған Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін екі жарым есеге көбейтуды тапсырғаны белгілі. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер