О
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жүзеге асыру бойынша Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев облыс автивімен кездесті. Актив отырысына зиялы қауым өкілдері, облыстық мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының басшылары, БАҚ өкілдері, білім, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері және онлайн форматта аудан мен қала әкімдері қатысты.
Облыс әкімі Түркістан өңірінің барлық бағыттағы даму көрсеткіштеріне тоқталып, Жолдаудағы жеті басты басым бағыттар мен нақты атқарылатын жұмыстарды айқындап берді.
– Елбасы Жарлығымен құрылғанына 3 жылдан енді ғана асқан Түркістан облысы барлық бағыттағы даму көрсеткіштері бойынша жоғары нәтижелерге қол жеткізуде. Атап айтқанда, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 41,7 млрд. теңгені құрайтын 307 жоба мақұлданып, республикада көш бастап тұр. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлерге үлкен қолдау көрсетілуде. Биыл бұл бағытқа 7,7 млрд. теңге бөлініп, өткен жылмен салыстырғанда 3,8 есе артты. Тұрғын үй құрылысын дамытуға мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетілуде. Алдағы 5 жылда 4 млн. шаршы метрден астам тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда, – деді облыс әкімі.
Мал азықтық қорды қамтамасыз ету тұрақты бақылауда. Облыста қажетті 3,9 млн.тонна мал азығын дайындауға толық мүмкіндік бар. Егістікті әртараптандыру бойынша мал азығы дақылдарының көлемі 2,6 мың га ұлғайып, 215,4 мың гектарға орналастырылды.
Жиын соңында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Мемлекет басшысының халыққа Жолдауындағы міндеттерді сапалы жүзеге асырып, бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.