Түркістан облысында балық шаруашылығы қарқынды дамып келеді

image.png

Түркістан облысында балық шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер қатары артып келеді. Бір Түлкібас ауданының өзінде үш шаруа қожалық балық шаруашылығы кәсібін қолға алып, жасанды тоғандарға алғашқы шабақтарын жібере бастады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр Қазақстан халқына аранаған Жолдауында еліміздің ауыл шаруашылығын дамытпай бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін еместігін тілге тиек етіп, «Балық шаруашылығын да арттырудың маңыздылығы зор. Ал жеке шаруашылық миллиондаған ауыл тұрғындарына табыс табуға мүмкіндік бере алады. Оларды өңірлік азық-түлік хабтарын құруға жұмылдыру қажет», – деген еді. Содан бері Қазақстанда балық шаруашылығымен айналысатын шаруаларға мемлекет тарапынан көп қолдау көрсетілуде. Мәселен, балыққа берілетін жемнің 50 пайызы мемлекет тарапынан субсидияланады.

Машат ауылдық округіндегі «Жеті үй» шаруақожалығында 15 мың дана сазан, дөнмаңдай (толстолоб), ақ амур балық шабақтары өсірілуде. Кәсіпкер Қайырғали Тайболовтың айтуынша, өткен жылы аудан әкімдігінің қолдауымен үйіргелік жерін рәсімдеп, жасанды тоған салған. Биылғы жылдың көктемінде қосымша 3 мың дана аталған балық түрлерінің шабақтары жіберілген.

Сондай-ақ, Сапарғали шаруа қожалығы 100 мың дана нарықта сұранысы жоғары сазан, дөнмаңдай (толстолоб), ақ амур балық шабақтарын жіберуді жоспарлап отыр. Қожалық иесі Сапарғали Құрманбаев көктемде шаруа қожалығына тиесілі 11 гектар жердің 2,16 гектарына 7 жасанды тоған салған. Тоғандарға су жібермес бұрын балық қорегі ретінде тоған түбіне арпа, бидай, тары дақылдарының дәні себілген. Қазіргі таңда балық шабақтарына тапсырыс беріп, күтуде.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер