Түркістан әуежайында цифрлық жеке куәлікті пайдалануға болады

11.png

Түркістан халықаралық әуежайында «e-Gov Mobile» қосымшасының көмегімен цифрлық жеке куәлікті пайдалану мүмкіндігі туды. Бұл қызмет түрін пайдалану үшін азаматтар алдымен «e-Gov mobile» жүйесіне тіркелу керек. Сол қосымшадағы «Цифрлық құжаттар» деректер сервисінде сақталған жеке куәліктің QR-кодын әуежайдың тіркеу бөлімінде орналасқан арнайы құрылғы арқылы сканерлесеңіз жеткілікті. Арнайы аппарат сіздің жеке мәліметтеріңізді анықтап, сол мезетте сізді деректер қорына тіркейді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мұндай мүмкіндік әзірге еліміз бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Шымкент және Түркістан қалаларындағы әуежайда ғана қарастырылған.

«Бұл әзірге пилоттық жоба ретінде іске асырылып жатқандықтан, азаматтарға жеке куәлігінің түпнұсқасын да өздерімен бірге алып жүргендері жөн. Жаңа жүйе сынақтан толық сәтті өткен соң жоба еліміздің басқа да қалаларында жүзеге асырылады деп күтілуде», – деді Түркістан облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Елнұр Өтебаев.

Айта кетері, Түркістан әуежайы халықаралық талаптарға жауап беретін еліміздегі ерекше әуежайлардың бірі болып саналады. Былтыр пайдалануға берілген әуежайдағы ұшу бағыттары көбейіп келеді.  


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер