Түркістан жасыл қалаға айналып келеді

13.jpg

-Түркістан облысының құрылғанына 3 жылдан асты. Жұртшылық, әсіресе, Түркістан қаласын абаттандыру және жасыл қалаға айналдыру бағытындағы жұмыстарға дән риза,-деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

-  Облыс орталығы әлеуметтік-экономикалық және архитектуралық орталыққа ғана емес, жасыл желегі жайқалған, экологиясы жақсарған шаһарға айналып келеді. Көгалдандыру жұмыстары тоқтаусыз жалғасып жатыр. Түркістанда жергілікті климатқа тез бейімделетін көшеттер мен көпжылдық шөптер, гүлдер гүлдейтін шөптерді өсіруге мән берілген. Атап айтқанда, шаһарда көлеңке беретін әрі тез өсетін қарағай мен акация ағаштары, үлкенжапырақты шегіршін, үйеңкі отырғызылды.

Түркістан қаласының «Жасыл белдеуінде» жеміс ағаштары да өсірілуде. Бұл жұмыстарға агрономдар, мамандар, кәсіпкерлер, қала тұрғындары атсалысуда. Осы ретте қаланы 32 секторға бөліп, аудан, қала әкімдіктері мен басқармаларды жауапты етіп, жұмысты жүйелеу өз жемісін беру үстінде. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев әр секторды аралап, қаланың абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын тұрақты түрде тексеріп тұрады. Барлық секторда жұмыс қарқыны жоғары. Қала күн сайын қоқыстан тазартылып, гүлзарлар, саябақтар жайнай түскен.

Аяқжолдар мен веложолдар, субұрқақтар елге қызмет етуде. Қала аумағындағы жасыл аумақтарға су жүйесі жүргізіліп, тұрақты түрде суарылып жатыр. Жасыл желектерді күнделікті суару үшін қала аумағына гидранттық жүйе жүргізілген. Бүгінде 32 секторда үш кезеңмен жұмыс жүргізіліп, 1600 га жерге 60 мыңнан астам көшет егілген. Қалада сенбіліктер өткізу, тұрғындардың экологиялық сауаттылығын арттыру бағытындағы іс-шаралар дәстүрге айналған.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер