Түркістан облысының тұрғындары онлайн санақ бойынша республикада көш бастап тұр

Ағымдағы жылдың 1-қыркүйегінен бастап 15 қазан аралығында елімізде sanaq.gov.kz сайтында онлайн режимде халық санағы өтуде. Бүгінгі таңда Түркістан облысы бойынша 865 824 тұрғын онлайн санақтан өткен. Нәтижесінде өңір электронды санақ бойынша республикада көш бастап тұр.

image.png

Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Арман Сәбитов брифингте мәлімдеді.

Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары халықты аралап санақ жүргізу жұмыстары бүгіннен басталғанын жеткізді.

- «Санақтың екінші, дәстүрлі әдісі сұхбатшылармен жаппай аралау арқылы онлайн режимде санақтан өтпеген тұрғындар арасында 1-30 қазан аралығында өткізілмек. Бұл кезеңде 350 нұсқаушы-бақылаушы және 2385 сұхбатшы жұмысқа тартылады. Үйлерді аралауға шығатын интервьюерде планшеті мен санақ куәлігі бар бейджигі, санақ логотипі бар шарф, көк сөмкесі болады»,- деді Арман Сәбитов.

Халықты толық есепке алуды және халық санағын жүргізу кезінде деректер сапасының анықтығын тексеруді қамтамасыз ету мақсатында қарашаның 1 мен 10 аралығында бақылау іс-шаралары жүргізіледі. Ұлттық статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Бағлан Абайбекұлының айтуынша, санақ аяқталған соң статистика органдары базадағы деректерді өңдейді. Ұлттық халық санағының қорытындысы 2022-2023 жылдары жарияланатын болады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Аудан әкімі этнос және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті
  • Этносаралық шиеленістердің алдын алу маңызды
  • Тіл мерекесі аталып өтті
  • Бала тәрбиесі - қоғам назарында!
  • Ұлтты сүю - иманнан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер