Қарттарға құрмет-зор міндет

Screenshot_3.png

Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген ұрпақтарына ізеттігін аямайтын, бір қауымға бас-көз бола білген қарттардың орны ерекше. Қарты бар елдің қазынасы бар. Бұл мейрам – Отан, болашақ ұрпақ үшін тынымсыз тер төккен, қоғам өміріне қосқан үлесі үшін аға ұрпақ өкілдеріне ризашылық білдіретін және оларға қамқорлық көрсететін күн. Осы мереке қарсаңында аудан әкімі Мұхит Отаршиев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Сүлейменов ауданның дамуына айрықша үлес қосқан қарттардың шаңырақтарына арнайы барып, оларды мерекемен құттықтады. Бүкіл өмірін қажырлы еңбекке арнаған қарттарға құрмет көрсетіп, естелік сыйлықтар тарту етті. Бұл туралы Сарыағаш аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Умутхан Усенбекқызын мерейлі мерекемен құттықтай келген аудан басшысы аға буынның Отанға деген сүйіспеншілігі жас ұрпақ үшін әрдайым үлгі-өнеге боларын айтты.

Жусипова Умутхан Усенбекқызы – 1921 жылы 7 наурызда Қызылорда облысы шиелі ауданында дүниеге келген.1948 жылы Сарыағаш ауданына көшіп келіп, Сарыағаш аудандық мәдениет үйінде тігінші курсы үйірмесінде сабақ берген, Мақтарал ауданы Словянка ауылында жұмысшы болып қызмет атқарған. Қарт ана 7 ұл-қызды дүниеге әкелген. Бүгінгі таңда 15 немере, 25 шөбере, 5 шөпшектің әжесі.

Мұхит Отаршиев қарт ана Жадра Төлегенқызының да отбасында болып, ардагер апамызға жылы лебізін білдірді. Аудан басшысы әр ісi ізеттілік пен үлгi-өнегеге толы қадiрмендi қариялардың елге сiңiрген ерен еңбегі ұрпақ санасында мәңгі сақталарын жеткізді.

Кескенбаева Жадра Төлегенқызы – 1920 жылы 10 наурызда Арыс ауданы 41 разъезд Тасқұдық ауылында дүниеге келген. 1971 жылы Сарыағаш ауданына көшіп келіп, колхозда мал, егін шаруашылығымен айналысқан. Қар ана 7 ұл-қызды дүниеге әкелген. Қазіргі таңда 35 немере, 82 шөбере, 4 шөпшек сүйіп отыр.

Қариялар аудан әкімдіктерінің өкілдеріне ризашылығын білдіріп, қамқорлығы мен көңілдеріне алғыстарын айтты.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер