Түркістан облысы сарыағаш ауданы мәслихатының кезекті XI cесcия отырысы өтті. Бұл туралы Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сессия отырысына аудан әкімі М.Отаршиев, аудандық мәслихат хатшысы С.Тасқұлов, мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары мен қала, кент және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Сессия отырысы барысында аудан әкімі М.Отаршиев өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы бойынша баяндама жасады. Халық қалаулылары биылғы жылғы ауқымды жұмыстар келесі жылы да жалғастыру қажеттігін айтып, аудан әкімінің жұмыстарына оң бағасын берді.
Сонымен қатар, сессияның күн тәртібінде ауданның қоғамдық-саяси өміріне оң өзгеріс әкелетін түрлі мәселелер қаралды. Күн тәртібінде көтерілген мәселелер бойынша дербес бөлім басшылары және ауылдық округ әкімдері баяндама жасап, депутаттар тарапынан қойылған сұрақ-ұсыныстарға тиісті жауаптарын берді.
Айта кетері, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы Жарлығына сәйкес барлық деңгейдегі әкімдерге өз құзыреті шегінде, тиісті мәслихаттың регламентінде көзделген тәртіпке сәйкес жылына бір рет мәслихаттардың депутаттары алдында өздеріне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есеп беру міндеті жүктелген.