Бюджет қаржысы тиімді игерілуі тиіс

9.jpg

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы әкімдігінің мәжілісі өтіп, күн тәртібінде бюджетке қатысты мәселе қаралды. Басқосуды аудан әкімі Мұхит Отаршиев жүргізіп, жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, қала, кент және ауылдық округ әкімдері қатысты. Бұл туралы Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Күн тәртібіндегі мәселе 2021 жылғы 9 айында аудан бюджетінің күтілімді игерілуі туралы ауданның экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ғ.Мейманбаевтың баяндамасы тыңдалды. 

Аудан әкімі М.Отаршиев барлық бағдарлама әкімшілеріне, қала, кент және ауылдық округ әкімдеріне және аудан әкімінің орынбасарлары жетекшілік ететін салалар бойынша жоспарланған қаржылардың толық игерілуін қатаң бақылауға алуды, сонымен қатар, бюджет қаражатын сапалы және мерзімінде игеру бойынша нақты шаралар қабылдауды тапсырды. Және жетекшілік ететін салалар бойынша құрылыс нысандарының сапасына аса мән беруді жүктеді.

Жалпы, өткен тоғыз айда Сарыағаш ауданында ауывз толтырып айтарлық тірліктер атқарылды. Жол жөндеу жұмыстары қарқын алды. Білім беру нысандары пайдалануға берілді. Елді мекендердің әлеуметтік мәселелерін шешу, инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр.   


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер