Сарығаштықтар Павлодарға жол тартты

11.jpg

Сарыағаш ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Ұлы көш» қоғамының төрағасы Ж.Ағабековтың қолдауымен солтүстік өңірге көшуге ниетті азаматтарға Павлодар өңірін көзбен көріп, толыққанды танысу мақсатында өз қаржысы есебінен (тегін) автобус ұйымдастырылды. Бұл туралы Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

 Арнайы іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Б.Полатов, аудандық мәслихаттың хатшысы С.Тасқұлов және «Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Қыстаубаев қатысты. Аудан әкімінің орынбасары Б.Полатов сапарға шыққан жерлестеріне ақ жол тілеп, жаңа мекенге барып, жаңа өмір бастауға, Қазақстанды өркендетуге ауданның әрбір тұрғынының мүмкіндігі бар екенін айтып өтті. 

Сонымен қатар, осы күнге дейін ауданда 4 отбасы Павлодар облысын таңдап, көшуге ниет білдірген.

Айта кетері, Биыл оңтүстіктен қоныс аударған әр отбасы мүшесіне берілетін субсидия мөлшері – 70 АЕК. Яғни, 204 мың теңге қаражат көшіп жайғасу үшін көмек ретінде беріледі. Мысалы, 4 баласы бар отбасы қоныс аударса – 1 млн 224 мың теңге бірден беріледі. Оған қоса, бір жыл бойы үй жалдауға ақшалай көмек ретінде 1 адамға 43 755 теңге(15 АЕК) төленеді. Ал, 2 және 4 адамнан тұратын отбасыға 52 506 теңге (18 АЕК) ақшалай көмек көрсетіледі.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер