«Birge taza Qazaqstan» экологиялық акциясы өтті

12.jpg

Сарыағаш  аудан аумағында республика көлемінде өткізіліп жатқан «World Cleanup day 2021», «Бірге – Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті. Бұл туралы Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Ауданға қарасты барлық қала, кент, ауылдық округтер бойынша мекеме қызметкерлері, жеке кәсіпкерлік субъектілері және заңды тұлғалардың қатысуымен өткізілген сенбілікте тұрмыстық қатты қалдықтар арнайы қоқыс қалдықтарын тастайтын орындарға жеткізілді.

Сондай-ақ, аудан аумағындағы көрікті жерлер мен саябақтар лас-қоқыстан тазартылып, қоқыстарды бей-берекетсіз тастамау жөнінде тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

-Жалпы аудан көлемінде ұйымшылдықпен өткен тазалық акциясы алдағы уақытта жалғасын табатын болады. Себебі, бұл акция аудан аумағында экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді.

Қоршаған ортаны қорғау, сақтау және жақсарту – баршамыздың басты міндетіміз десек, Сіздерді қоршаған ортаны қорғауға, оның тазалығын сақтауға белсенді қатысуға шақырамыз!-делінген аудан әкімдігі баспасөз қызметінің таратқан ақпаратында. 

Айта кетері, «Бірге: Таза Қазақстан» атты эологиялық акциясы кеңінен таралып, жалпыреспубликалық ауқымды шараға айналды. Оған аймақтағы барлық еңбек ұжымдары, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғам белсенділері сондай-ақ студенттер мен оқушылар түгел тартылуда. Мұндағы мақсат - көрнекті орындар мен табиғи аумақтарды қоқыстан тазартып, қазақстандық қоғамда экологиялық мәдениетті арттыру.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер