Түркістан облысында тереңдетіп оқытатын 4 мектеп салынады

Screenshot_5.jpg

Түркістан облысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы төрт ауданда заман талабына сай тереңдетілген білім беретін 4 мектеп салынады. Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Президент Жолауын талқылауға жиылған жұртқа жария етті.

Облыс басшысы пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономикалық даму, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру, сапалы білім беру бойынша жұмыстарға тоқталды. Үш аусымды мектеп санын жою және балаларға сапалы білім беруді ұйымдастыру мақсатында облыста 78 мектептің құрылысы жүргізілуде. Биыл 44 мектептің құрылысы аяқталады. 5 жылда 134 жаңа мектеп салу жоспарлануда. Бұдан бөлек, мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы төрт ауданда заман талабына сай тереңдетілген білім беретін 4 мектеп салынады.

 Алқалы жиында бірқатар баяндамашылар жарыссөзге шығып, Жолдау аясында берілген тапсырмалар мен атқарылатын жұмыстар жөнінде өз ойларын ортаға салды.

 «Жолдау талаптарын толық орындап, мына күрделі заманда Ел болып қалуымыз үшін бүкіл халқымызды аяққа тұрғызуымыз қажет. Бұл істі тек ұлт зиялылары ғана атқара алады. Сондықтан да, Президент зиялы қауымды ел болашағына әсер ететін әрбір мәселеден шет қалмауға шақырды. Осы тұста жергілікті жерлердегі зиялыларды, лидерлерді қамтуымыз керек. Арыс оқиғасы кезіндегі сектор қағидаты, сектор саясаты осы ретте өте тиімді болып келеді, деп ойлаймыз»,-деді ҚХА мүшесі Алишер Сатвалдиев.

Жиын соңында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Мемлекет басшысының халыққа Жолдауындағы міндеттерді сапалы жүзеге асырып, бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер