Бәйдібекте кинотеатр, Қазығұртта «Ұстаздар аллеясы» ашылды

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданына қарасты Шаян ауылындағы Жастар саябағының ашық алаңынан 110 көрерменге арналған жаздық кинотеатр пайдалануға берілді.

image.png

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен 1 қазан – Қарттар күніне орай ашылған кинотеатрдың салтанатты лентасын аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бағдат Қалаубай және «САҚ» киностудиясының директоры Нуриддин Исаұлы қиды.

Салтанатты шарада мәдениет қайраткері, режиссер Батырхан Дәуренбеков жылы лебізін білдіріп, «Мейірім шуағы» фильмінің 70 дана бейнетаспасын ауданға тарту етті.

1 қазан – Қарттар күні мерекесіне орай жаңадан ашылған кинотеатрға ауданның барлық ауылдық округінен еңбек ардагерлері қатысты. Кинотеатрдан ардагерлерге «САҚ» киностудиясының «Мейірім шуағы» атты алғашқы фильмі көрсетілді.

Айта кетейік, еліміз тәуелсіздік алғаннан бері ауданда тұңғыш рет ашылған кинотеатр. Алдағы уақытта жаңадан ашылған кинотеатрда аудан тұрғындарына түрлі жанрдағы кинофильмдер көрсетілетін болады.

Ал, Қазығұртта «ұстаздар аллеясы» ел игілігіне пайдалануға берілді. Т.Рысқұлов мектеп-лицейі алаңынан «Ұстаздар аллеясы» ашылды. Ашылу салтанатына аудан әкімі Арман Абдуллаев және аудан көлеміндегі ардагер ұстаздар қатысты. Ондағы орындықтар глобус, кітап, қаламсап секілді мектеп құралдарының кескінімен жасалған. Кітап қойылған ескерткіштің авторы – Өрісбай Көпеев. Ол – аудандық мәслихаттың хатшысы.

Ұстаздардың төл мерекесі Мәдениет үйінде жалғасып, қазығұрттықтар ұлы мамандық иелерінің еселі еңбектерін айтып құттықтады. Бірқатар мұғалімге «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісі берілсе, еңбегі ескерілген бірнеше мұғалім аудан әкімі мен аудандық мәслихатың алғыс хаттарымен марапатталды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер