Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халқына арналған Жолдауында ауыл шаруашылығы саласының басты міндеті – елімізді негізгі азық-түлік өнімімен толық қамтамасыз ету екендігін атап өтті. Климаттық орналасу, жұмыс күші тұрғысында Түркістан облысының ауыл шаруашылығы саласы - Қазақстандағы ең қолайлы өңір екені белгілі.
«Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспары» аясында Түркістан қаласы айналасында 11 мың гектарға азық-түлік белдеуін құру жобасы жүзеге асырылуда. Негізгі бағыт, заманауи ылғал үнемдеу технологияларын қолдана отырып, бір алқаптан екі-үш өнім алу, еңбек өнімділігін еселеп арттыру болып табылады. Бүгінгі таңға азық-түлік белдеуінде 2 мың гектарға 44 бірлік жаңа технологиялық жаңбырлатып және барабанды суару қондырғылары орнатылды. Жыл соңына дейін қосымша 1 мың гектарға жаңбырлатып суару жүйелерін енгізіледі.
Тиімді технология дақыл түріне қарай ағын су шығынын азайтумен қатар, өнімділікті 2-3 есеге арттырады. Атап айтқанда, 2019 ж. «Түркістан Агро ХХІ» ЖШС-гі жер көлемі 1 210 га құрайтын 108 шаруа қожалықты біріктіріп, 733 га аумаққа АҚШ-тың «T-L» компаниясының 18 бірлік жаңбырлатып суару машиналарын орнатты және 26 бірлік заманауи ауыл шаруашылығы техникалары алынды.
Биылғы жылы Түркістан облысында 1 113 га аумақта мал азықтық дақылдары жоңышқа – 350 га, жүгері – 300 га және күздік бидай - 463 га
егіліп, күздік бидай 543 тн (10,2 ц/га), жоңышқа 640 тн (10,8 ц/га), жүгеріден 4 000 тн (130,3 ц/га) өнім алынды.