Төлеби ауданын кәсіппен айналысушылар көбейіп келеді

Төлеби ауданында көнеден қалған өнер түрін жоймай, жалғастырып келе жатқан азаматтар баршылық. Солардың бірі – қолөнерші, темір ұстасы Самат Бижанов.

image.png

Ол бүгінде кәсіпкерлікке ден қойып, 8 жылдан бері түрлі көше орындықтары мен темір қоршауларды дайындайды. Өнімдерін Қызылорда, Шымкент, Түркістан, Алматы, Көкшетау қалаларына жөнелтеді.

Бүгінде металл өңдеу цехында 15 жергілікті тұрғын жұмыс істейді. Сондай-ақ, кәсіпкер тапсырысқа сай ұлттық нақыштағы орындықтарды дәнекерлер, қоқыс жәшіктерін даярлайды. Шебер өзінің ептілігі мен шығармашылық құлшынысымен темірден сан алуан дүниелер жасаған. Ұстаның туындысына тапсырыс берушілер де көп. Кәсіпкер алдағы күндері өзінің қолынан шыққан туындыларымен қала көркіне үлес қосуды мақсат етіп отыр.

Сондай-ақ, Төлеби ауданында ауыл шаруашылығы саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстарды жүргізу мен мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі артып келеді.

Мәселен, Киелітас ауылдық округінде жеке кәсіпкер Аманжол Көшенов мал бордақылау және сауынды бие мал шаруашылығының жұмысын дұрыс жолға қойған. Кәсіпкер бүгінде 10 бас бұқа, 20 жылқы, 10 сауынды бие бағып, кәсібін дөңгелетіп отыр. Бұған қоса, кәсіпкер бизнесін отбасылық етіп қана қоймай, ауылдың екі азаматын жұмыспен қамтып отыр. Бүгінде өз бала-шағасымен қоса ағайын-туысқандары да осы қожалықта табыс табады.

Ауылдың ет экспортына үлес қосып келе жатқан жеке кәсіпкер шағын бордақылау алаңын кеңейтуді жоспарлап отыр. Алдағы уақытта мал басын көбейтіп, ірі қараны семіртіп шығуға бекініп отыр. «Жылқы еті мен бие сүтіне деген сұраныс жоғары.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер