Түлкібас Ауданының Әкімдігі ауданында ауа- райы қолайлы жері шұрайлы аймақ. Нағыз қарқынды бау шаруашылығына қолайлы. Ауданда 3000 гектар жерге жеміс ағашы өсіріліп жатыр екен. Барлығы дерлік қарқынды алма бауы. Жыл сайын 30 000- 33 000 тоннаға дейін өнім алынады. Атап айтар болсақ «Кентау» ЖШС жақсы өнім беріп жатқанымен басқа шаруашылықтарда көктемде үсік ұрып кеткен алма бауларын сондықтан да осы жылы 25 000 тонна алма өндіріледі деп күтілуде екен.
Төлепбергенов Абылай Сыдығаұлы Түлкібас ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісінің сөзіне қарағанда Түлкібас ауданы бау шаруашылығын дамытуға өте қолайлы аудан. 3000 гектардай алма бауы бар ауданда.
Қарқынды бауларды тамшылап суару әдісі қолданылады екен. Қазіргі кезде алма терімі болып жатыр. «Кентау» ЖШС- не жақын маңдағы Шақпақ баба ауылынан азаматтар, Ақ биік, Жабағылы, Ванновкадан азаматтар келіп, алма теріп жұмыспен қамтылып жатыр. Жалақылары уақтылы берілуде. Дайын өнімдерді осы Қазақстанның барлық қалаларына жіберіліп жатыр. Нұр Сұлтан қаласына, Қарағанды қаласына, Түркістан қаласына жіберіліп жатыр. Бұл шаруашылықта 2 200 тонна алманы сақтауға арналған заманауи қойма бар. Температура мен ылғалдылығы барлығы қалыпты. Алманың 20- дан астам сорты бар. Қызыл рэд лишелс, көк алма бар гринни смидт, галла, джона принц деген сорттары бар.
«Кентау» ЖШС директорының орынбасары Назарбеков Ерболат Қобланұлы биылғы жылы қосымша тағыда 21, 5 гектар алма бауы қосылды дейді. Сонымен барлығы «Кентау» ЖШС-да 210 гектар интенсивті алма бауы бар. Алма бауда италиялық, польша, түрік, қазақстандық көшеттер егілген. Гектарына 2857 алма көшеті бар. Шпалерлік жүйемен сым толығымен тартылғанын тілге тиек етті.