Медициналық ұйымдарға тіркелу емханада жүріп жатыр

15 қыркүйектен бастап Қазақстанда жыл сайынғы жүргізілетін медициналық ұйымдарға тіркелу науқаны басталған болатын. Осы негізде Ордабасы ауданында да медициналық ұйымдарға тіркелу жұмыстары басталды.  

image.png

Сонымен медициналық ұйымдарға тіркелу науқаны қалай жүргізілетіні туралы сауалдарға жауап іздеп көрсек. Емханада немесе электронды үкімет порталы арқылы тіркеле аласыз. 

Клиникаға тіркелу үшін бірінші басшының атына өтініш жазып, жеке басын куәландыратын құжатты және келесі санатқа жататындығыңызды растайтын құжаттарды тіркеу қажет: 

- зейнеткерлер - зейнетақы куәлігі; 

- мүгедектер - зейнетақы куәлігі немесе медициналық - әлеуметтік сараптама туралы анықтама;  

- бала кезінен мүгедек баланың заңды өкілдері (қамқоршылар, тәрбиешілер және оларды алмастыратын басқа адамдар)  

- сот шешімі немесе пен қамқоршылықты растайтын басқа құжат;  

- сот үкімімен жазасын өтеп жатқан тұлғалар- халықты тіркеу (тіркеу және тіркеуден шығару) мәселелерін қарау үшін комиссияның қорытындысы қажет;  

- медресе студенттері мен тәрбиеленушілері (18 жасқа толмаған) - ректордың өтініші және оқу орны мен емхана арасындағы комиссия хаттамасы 

әскери қызметшілер - әскерге шақырылушыларды жеке құрам тізіміне енгізу туралы әскери бөлім командирінің (мекеме бастығының) бұйрығынан үзінді.  

- шет мемлекеттерде туылған балалар - өтінішті заңды өкіл шет елде туылғанын растайтын құжатты ұсына отырып береді. 

- сәбилерге, жетімдерге, қарттарға және басқаларға арналған үйлердің тұрғындары- облыстық денсаулық сақтау басқармасының шешімі; 

- ерікті медициналық сақтандыру шарты бойынша бекітілгендер - ерікті медициналық сақтандыру шарты egov.kz электронды үкімет порталы арқылы тіркеу үшін https://egov.kz/cms/ru/services/health_care/494pass_mz сілтемесіндегі «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу» мемлекеттік қызметін пайдалану қажет. 

Сұраныс жібергеннен кейін, сіздің жеке шотыңызда себебін көрсете отырып, тіркеу немесе тіркеуден бас тарту туралы хабарлама келеді. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер